Ережелер
Жезқазған қ.
Әуежайында физикалық мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету ережелері
1.Жалпы ережелер
1.1. Физикалық мүмкіндіктері шектеулі жолаушы, басқа жолаушыларға көрсетілетін қызметтермен салыстырғанда, әуе тасымалы кезінде физикалық жағдайы бойынша қосымша көмекті қажет ететін жолаушы болып саналады.
1.2. Бұл технология Жезқазған қаласының халықаралық әуежайында қызмет көрсетілетін авиакомпаниялардың рейстерінде физикалық мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
1.3. Бұл технологияны әзірлеу авиакомпанияның физикалық мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету деңгейі мен сапасын арттыруға арналған.
1.4. Физикалық мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға әуежайда авиакомпания өкілдерінің келісімі бойынша қызмет көрсетіледі.
1.5. Ұшаққа тіркеу, жете тексеру және отырғызу әуе көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру талаптары мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Ұшатын жолаушыларға қызмет көрсету
2.1. Әуежайға келгеннен кейін физикалық мүмкіндіктері шектеулі жолаушылар үшін вокзал маңы алаңында мүгедектің автокөлігін қоятын орын бар. Кресло – арбаларда жолаушылардың жүріп-тұруына арналған кіру және шығу жолдары пандустармен жабдықталған.
2.2. Мүмкіндігі шектеулі жолаушы авиабилеттерді сатып алған кезде денсаулық жағдайы бойынша тасымалдау шарттары туралы авиакомпания өкіліне хабарлайды.
2.3. Әуе билеттерін сату жөніндегі Авиакассалар әуе кемесінің бортына оларды жеткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдау үшін жолаушының тегін, рейс нөмірін, ұшу бағытын көрсете отырып, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды тасымалдау туралы әуежайдың тасымалдау қызметіне алдын ала хабарлайды.
2.4. Физикалық мүмкіндіктері шектеулі жолаушылар әуе көлігімен тасымалдауға емдеу мекемесінің әуе көлігімен тасымалдауға қарсы көрсетілімі жоқ екендігі туралы анықтамасын көрсетуі бойынша жіберіледі.
2.5. Авиакомпания өкілі рейске физикалық мүмкіндіктері шектеулі жолаушының бар екендігі туралы багажды тіркеу жөніндегі агентке және қабылдап-таратушыға, егер бұл халықаралық рейс болса, онда "Қарағанды-ТҚО" кеден бекетінің кезекшісіне, шекаралық бақылау бөліміне (ШББ), санитариялық-карантиндік пунктке (СКП) және аға жете тексеру агентіне хабарлайды.
2.6. Физикалық мүмкіндіктері шектеулі жолаушының келгені туралы ақпарат түскеннен кейін авиациялық тасымалдар ұйымы қызметінің (АТҰҚ) басшысы жолаушыдан қажетті құжаттар мен багажды алу үшін АТҰҚ агенті мен жүк тиеушіні жібереді.
2.7. АТҰҚ агенті авиабилеттер мен багажды тіркеуді жүргізеді. Тіркелгеннен кейін агент жолаушыға отырғызу талондарын, жеке басын куәландыратын құжатты, авиабилетті және багаж биркаларын береді.
3. Физикалық мүмкіндіктері шектеулі жолаушылардың багажы мен қол жүгін тексеру.
3.1. Тексеру агенті: физикалық мүмкіндігі шектеулі жолаушының билеттері мен құжаттарын тексеруге міндетті.
3.2. Тіркелмеген багажды (қол жүгін) және жолаушыны жеке тексеруді жүргізу.
3.3. Бекет пен ШББ Кедендік бақылау қызметкерлері жолаушыны тасымалдауға қабылдау үшін тиісті құжаттарды ресімдейді.
4. Физикалық мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызу.
4.1. АТҰҚ басшысы жолаушыларды әуе кемесіне отырғызуға рұқсат туралы ақпаратты алғаннан кейін перрондық автобусты шақырады, авиациялық қауіпсіздік қызметінің (АҚҚ) екі қызметкерін бөледі және медициналық қызметкердің еріп жүруімен физикалық мүмкіндіктері шектеулі жолаушыны жинақтауыштан әуе кемесіне және оны әуе кемесіне (ӘК) отырғызуға дейін жеткізеді.
4.2. Дене мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларды ӘК-ге жеткізу және әуе кемесіне отырғызу бірінші кезекте негізгі жолаушыларды отырғызғанға дейін жүргізіледі.
Барлық сұрақтар бойынша АТҰҚ басшысына хабарласыңыз.
Конурова Рахима Каиржановна, тел.: 87774274926